Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

БҚО-да екі жүк көлігі соқтығысып, 44 жастағы жүргізуші көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында екі жүк көлігі соқтығысып, 44 жастағы жүргізуші көз жұмды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

БҚО-да екі жүк көлігі соқтығысып, 44 жастағы жүргізуші көз жұмды
фото: БҚО Полиция департаменті

Департамент мәліметінше, оқиға 24 желтоқсан күні Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылы тұсында болды.

«Шамамен сағат 18.00-де Самара-Шымкент тас жолында 44 жастағы жүргізуші «Вольво» жүк көлігінің руліне ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен. Сөйтіп 39 жастағы қырғызстандық жүргізуші айдап келе жатқан DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан 44 жастағы қазақстандық жүргізуші оқиға орнында мерт болды. «Вольво» көлігінде отырған 24 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен Орал қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, 24 жастағы жігіт облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімінде ем алуда. Жағдайы тұрақты.