Ақтөбедегі жол апатынан соң жансақтау бөліміне түскен балалардың барлығы есін жиды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жаттықтырушы әлі күнге дейін ес-түзсіз жатыр деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Ақтөбеде жол апатынан кейін оқушылардың бірі қаза тапты. 8-і аурухананың жансақтау бөліміне түсті.
«Облыстық балалар ауруханасына 8 бала түсті. Оның екеуі қазіргі кезде ем қабылдап, үйіне жіберілді. Ал 6 бала ем қабылдап жатыр. Біреуі хирургия, бесеуі травматология бөлімінде жатыр. Бәрі де жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Ал Жедел медициналық жәрдем ауруханасында жатқан жаттықтырушының жағдайы қалыпты ауыр. Ол әлі де есін жимады», – деді басқарма басшысы Рүстем Исаев.