Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Атырауда мас еркек үйін өртемек болды

Атырауда мас еркек үйіне өрт қойып, қашып кетті. Осы жағдайдан кейін оның әйелі мен баласы "Аналар үйіне" орналастырылды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Атырауда мас еркек үйін өртемек болды
Фото: ашық дереккөзден

22 желтоқсан күні сағат 21:12 шамасында "102 пультіне" әйел адам хабарласып, күйеуі мас күйінде есікті бұзып, үйге кіріп, үшкір затпен қорқытқанын мәлімдеген.

"Көрсетілген мекенжайға жеткен "Батыс-58" экипажы үйден түтін шығып жатқанын байқап, жедел әрекет етіп, 1992 жылғы әйел мен оның 4 жасар баласын қауіпсіз жерге апарып, өртті сөндірді".Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Әйелін қорқытқан ер адам полицейлер келгенше үйіне өрт қойып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Полиция қызметкерлері қазір күдіктіні іздестіріп жатыр. Ал оның әйелі мен қызы "Аналар үйіне" орналастырылды.