Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қуыршаққа "үйленген" бодибилдер тағы да "өнер шығарды"

Ер адам өзін АҚШ Елшілігі ғимаратының алдындағы дуалға кісендеп қойды.

Қуыршаққа "үйленген" бодибилдер тағы да "өнер шығарды"
Фото: Ашық дереккөз

Жақында қуыршақпен үйлену тойын өткізген бодибилдер Юрий Толочко тағы бір өнерін көрсетті, деп хабарлады paryz.kz.

Ер адам АҚШ елшілігі ғимаратына келді. Ол суықта белдікті кесіп, дуалға қолын кісендеп қойды. Сондай-ақ зорлық-зомбылықты айыптауға шақырған транспарант ала келіпті. Айтуынша, бұл акция өзі қазан айында әйел бейнесінде келіп қатысқан митингке қатысушылардың агрессиясы себеп болған.

"Тек сыртқы бейне бойынша дискриминация болды және көптеген агрессивті адамдар мені итеріп, балағаттады. Мені ұруға дейін барды. Салдарынан, мені талдырып тастады. Содан кейін мені арандатушы деп айыптау басталды. Түрлі қауесеттер тарай бастады. Буллинг сол беті тоқтаған жоқ. Митингті ұйымдастырушылар бұл қорқытудың катализаторы болды", - деп жазды Юрий Толочко өзінің Instagram парақшасында.

Юрийдің айтуынша, құқық бұзушылар одан кешірім сұрамапты. Сондықтан ол осы акцияны ұйымдастыруға шешім қабылдаған.

"Мен үшін кешірім сұрау - өте маңызды", – дейді бодибилдер.

Тағы оқи отырыңыз: Қуыршаққа үйленген қазақстандық ұлан-асыр той жасады

Бұған дейін Юрий Толочко Марго есімді қуыршақпен көптен күткен үйлену тойын өткізді. Бодибилдер өзінің сүйіктісіне нағыз әйел ретінде қарайды, онымен кездесуге барады, саяхаттайды және оның әлеуметтік желілердегі парақшасын жүргізеді.