Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Жазасын өтеуші әйел өзін үйіне жақын түрмеге ауыстыруды сұрады

“Алматы тергеу изоляторындағы жағдай қайталана ма деп қауіптенемін”, - дейді Закирова.

Жазасын өтеуші әйел өзін үйіне жақын түрмеге ауыстыруды сұрады
Фото: ашық дереккөз

Бір жылға сотталған 52 жастағы азаматтық белсенді Санавар Закирова жеке басының қауіпсіздігіне алаңдап отыр, деп хабарлады paryz.kz, Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Жамбыл облысындағы ЖД-158/5 қоныс колониясында жазасын өтеп жатқан азамат осыған дейін өзіне "күш көрсеткен" әйелмен бір камерада отырғанын, 7 желтоқсанда оған тағы 3 әйел қосылғанын айтады.

"Олар төртеу болды, мен жалғызбын. Маған тағы да тиісіп, Алматы тергеу изоляторындағы жағдай қайталана ма деп қауіптенемін", - дейді Закирова.

Оның айтуынша, осыған дейін түрме бастығының орынбасары қандай да бір ереже бұзса, қатаң режимге жіберетінін ескерткен.