Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

СҚО-да шошқа тұмауы тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында екі адамнан шошқа тұмауы анықталды. Санитар дәрігерлердің айтуынша олар ем алып жатыр, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

СҚО-да шошқа тұмауы тіркелді
фото: ашық дереккөзден

«Шошқа тұмауы» - А тұмауы вирусынан (H1N1) туындаған жұқпалы ауру. Вирус осылай аталады, өйткені оны адамдар ғана емес, доңыз, құстар және басқа да жануарлар жұқтырады. Оның ерекше белгілер жоқ. Бұл кәдімгі тұмаумен  бірдей белгілерімен сипатталады. Бас және бұлшық ет ауруы, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы (құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу, жұлдыру, ауа жетіспеушілігі), температураның 38-39° дейін көтерілуі, қатты әлсіздік, аурудың тез дамуы, жағдайдың тез нашарлауы», - дейді анитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Айнаш Сағындықова.

А типті тұмау вирусы (H1N1) негізінен адамнан адамға ауа тамшылары арқылы таралады.

«Тұмаудың алдын алу, оның ішінде «шошқа тұмауының» алдын алудың әдісі – екпе. Тұмауға қарсы вакцинаны уақтылы алыңыз - (эпидемияға дейін) бұл алдын-алудың ең сенімді құралы. Маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, жеке гигиена ережелерін сақтау қажет. Қолды сабынмен мүмкіндігінше жиі жуу керек, өйткені тұмау вирусы ауа тамшылары арқылы ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық заттар арқылы да таралады. Қол, мұрынның, көздің, ауыздың шырышты қабаттарымен байланыста болған кезде де жұғады. Сонымен қатар, иммунитетті барлық қол жетімді тәсілдермен көтеру керек», - дейді Айнаш Сағындықова.

Өңірде 244 адам В типті тұмау жұқтырған. Мамандардың айтуынша жедел респираторлы вирусты инфекция да өршіп тұр. Науқастар саны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 42 пайызға өсіп, 20 мыңнан асты. Ауырғандардың 70 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар.  75 мың адам тұмауға қарсы екпе алды.