Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Үш жүзді үш әулие ұстап тұр" - экстрасенс (ВИДЕО)

"Біздің елде аруақтар бар кезде мемлекетіміз жоғалмайды. Ал оларды жоғалтып алсақ, біз Қытайдың не Ресейдің құлы болып кетеміз", - дейді ол.    

"Үш жүзді үш әулие ұстап тұр" - экстрасенс (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

"Битва экстрасенсов" мистикалық шоуының 6-маусымында финалист болған әйгілі қазақстандық балгер Кажетта (Екатерина) Ахметжанова қазір Мәскеуде тұрады. Ол Алматыға келіп, nege.kz порталына арнайы сұхбат берді, деп хабарлады paryz.kz

Еліміздің болашағы туралы айтқан экстрасенс қазақтың үш иесі бар депті.

"Біріншісі – әйел. Былтыр елімізге келіп, суретке түсіп жатсам, маған ол елес болып көзіме көрінді. Екі бұрымы бар әдемі келіншек. Екінші – ақ әулие ата. Сосын қазақтың Шопан атасы бар. Осы үш әулие біздің елді, үш жүзді ұстап тұр. Қазір адам ауысып, елдің көзқарасы мен халықтың ниеті өзгеріп жатыр. Көп адамдарға әруақ қонады. Бірақ жастар оны ұстай алмайды. Көбі түсінбей жатыр. Қазақ – өте еркін халық. Біз желдің өтіне қарсы жүреміз", - дейді ол.

Сондай-ақ көріпкел біздің елден аруақтар жерден көтеріліп, ұшып жатқанын айтады.

"Мен соған қатты уайымдаймын. Жерді қорғайтын жауынгер періштелер бар. Елімізді, жерімізді жоғалтып алмасын дейді. 12 керемет бақсы шекарада отын жағып отыр. Топан су болса да, соғыс болса да қорғайды. Біздің елде осы аруақтар бар кезде мемлекетіміз жоғалмайды. Ал оларды жоғалтып алсақ, біз Қытайдың не Ресейдің құлы болып кетеміз", - дейді одан әрі.    

Ал енді билікте ауыс-түйіс бола ма? Көріпкел бұл жөнінде не дейді?

"Биліктен бұрынғы адамдар кетіп, жаңасы келеді. Қазір жастар өсті. Білімді, саналы жаңа буын қатарға қосылады. Өзгерістер кезеңі келді. Бұл өзгеріс саясатта, білім мен ғылым саласында да болады...", - дейді Кажетта (Екатерина) Ахметжанова.