Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Адам пышақтап, тығылып жүрген 20 жастағы күдікті Талдықорғанда ұсталды

Тергеу кезінде осы уақытқа дейін оның еліміздің әртүрлі аймақтарында тұрғаны және ресми жұмысқа орналасуды талап етпейтін жерлерде жұмыс істегені белгілі болды.

Адам пышақтап, тығылып жүрген 20 жастағы күдікті Талдықорғанда ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Оқиға 2015 жылдың 5 қаңтарында Алматы облысы Талғар ауданының Жаңалық кентінде болған. Алматы облысы Жамбыл ауданының 20 жастағы тұрғыны екі жасөспірімге еш себепсіз пышақ жарақатын салып, денсаулығына ауыр зиян келтіріп, қылмыс орнынан із суытқан, деп хабарлады paryz.kz, Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Тәртіп сақшыларынан бой тасалап жүрген күдіктіге іздеу жарияланып, сот органдары оны қамаққа алу туралы санкция берді. Жедел-іздестірудің кешенді шаралары барысында облыстық және аудандық криминалдық полицияның жедел уәкілдері күдіктіні Талдықорған қаласында қолға түсірді. Тергеу кезінде осы уақытқа дейін оның еліміздің әртүрлі аймақтарында тұрғаны және ресми жұмысқа орналасуды талап етпейтін жерлерде жұмыс істегені белгілі болды.

"Күдіктінің облыс орталығына бірнеше күн бұрын ғана келгені анықталды. Сотқа дейінгі тергеу кезінде оның Алматы қаласы мен Алматы облысында ашылмаған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі. Қылмыстық іс бойынша басқа деректер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды", - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.