Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Шенеуніктер жетім балалардың баспанасына көз тігіп, жәрдемақысын жымқырған

Елімізде 300-ге жуық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала жәрдемақыдан қағылған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің бала құқығын қорғау комитеті жүргізген профилактикалық бақылау нәтижесінде белгілі болды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Шенеуніктер жетім балалардың баспанасына көз тігіп, жәрдемақысын жымқырған
фото: ашық дереккөзден

Бала құқығын қорғау комитетінің тексерісінен кейін 300-ге жуық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаға төленбеген жәрдемақы қайтарылды.

«Бұл мәселе әкімдіктердің құзырына жатады. Бірақ біздің комитет жағдайды бақылауда ұстап отыр. Тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіру – біздің басты міндетіміз. 1 сәуірден бастап жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін АЕК 3 063 теңгеден 3 180 теңгеге дейін өскенімен, жәрдемақы ескі АЕК бойынша төленіп келген. Жәрдемақы мөлшерінің айырмашылығы қамқоршылардың шотына жіберілді. Осылайша жетім балалардың құқығы қорғалды»,– дейді бала құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Тексеру кезінде басқа да кемшіліктер анықталды.

Мысалы, жетім балаларды баспана кезегіне қою мерзімі сақталмаған.

Қамқоршылардың, патронат тәрбиешілердің есеп беруіне және жетім балалардың жылжымайтын мүлігінің сақталуын қамтамасыз етуге тиісті бақылау жүргізілмеген.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша комитет сәйкессіздікті жою жөнінде нұсқама берді.

Бірқатар басшы мен маман 30 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылды.