Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алматы – Астана тасжолында көлік апаты болып, екі жүргізуші де қаза тапты

Алматы – Астана тасжолында адам өлімімен аяқталған қайғылы жол апаты болды. Екі көліктің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан екі жүргізуші де оқиға орнында қаза тапты, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы – Астана тасжолында көлік апаты болып, екі жүргізуші де қаза тапты
фото: Zakon.kz

Zakon.kz порталының жазуынша, Toyota Land Cruiser Prado көлігі солтүстік бағытта Астанаға келе жатқанда мен Toyota Avensis оңтүстікке, Алматыға бет алып бара жатқан.

 Алдын ала болжам бойынша, Avensis жүргізушісі ауа райының қолайсыздығынан тізгінге ие бола алмай қалған. Қар қалың жауып, кей жерлерде көктайғақ болғандықтан жүргізуші қарсы жолаққа шығып кеткен. Жүргізуші өз жолағына қайта шыға берген сәтте Prado көлігі жақындап қалған. Жүргізуші Avensis-тің қарсы жолаққа шығып кеткені көріп, соқтығысудан қашпақ болғанымен, өкінішке қарай, үлгермеген. Екі көлік жол ортасында бетпе-бет соқтығысып, артынша жол жиегіне шығып кеткен. Avensis жолдан шығып тоқтап қалғанымен, Prado аударылып кеткен. Апат салдарынан екі жүргізуші де қаза тапты. Avensis-те болған жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді - делінген хабарламада.

Оқиға куәгерлері жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына құтқару қызметі де жұмылдырылды, олар қаза болғандардың мәйіті мен зардап шеккен жолаушыны шығарып алды.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.