Амилай есімімен танылған трансгендер жақында ғана қайта еркекке айналып, өзгеруге шешім қабылдаған болатын. Оның мұндай қадамға баруы тегін емес екен. Бұл туралы ол ашық сұхбат кезінде айтып берді, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Амилайдың тосыннан қойылған сұрақтарға жауап беру сәтінің видеосы ТікТок-та жарияланды. Онда атышулы транс қайта еркек болып, өзгеруіне бір адам себеп болғанын алға тартты. Алайда кім екенін ашып айтпады. Дегенмен сұхбат барысында ол жақында ұлды болғанын жайып салды. Оның есімін Даниал деп қойыпты. Бұл бұрыннан бері өзіне ұнап жүрген есім екен.
Сонымен қатар Амилай ер адам болып өзгеретінін айтқанда, достары мен ата-анасы ерекше қуаныпты.
Ең бірінші қуанған — менің әке-шешем. Негізі достарым да қуанды. Бұрын араласпай кеткен достарым жазып, мені көргісі, араласқысы келетіндерін айтты. Шынымды айтсам, өзім де өте қатты қуанышта болдым,
— дейді ол.
Айта кетейік, Амилай Баймұратова деп танылған транс жасанды омырау жасатқан болатын. Енді оны қайта алдыртуды ойлап жүр екен. Бірақ, нақты қай уақытта екенін айта алмады.
Мен операция, наркоз дегеннен қатты қорқатын адаммын. Себебі жүрегім әлсіз. Моральдық тұрғыда дайындалып алайын, содан кейін операция жасатпақын
— деп жауап берді ол.