19 желтоқсан күні сағат 22:05-те полицияға Ғ.Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың өлі денесі табылғаны туралы хабарланған деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Жауап алу барысында оның екі кәмелетке толмаған баласы бар екені анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деді Ақтөбе облысы ПД ЖСКБ басшысы Ерболат Сарқұлов.