Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Түркістанда мектепке келген оқушының анасы мұғаліммен жаға жыртысты

Түркістанда баласының сынып жетекшісімен кездесуге келген оқушының анасы жанжал шығарды. Ұстаз бен әйелдің ерегісі тіпті жаға жыртысуға ұласты, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Түркістанда мектепке келген оқушының анасы мұғаліммен жаға жыртысты
фото: Экспресс К

Оқиға күндізгі уақытта №8 мектепте болған. Бұл сәттің видеосы білім ұясындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Онда мектеп дәлізінде ұстазбен сөйлесіп тұрған келіншек онымен жанжалдасады.

Олар әлденені түсінісе алмай, сол кезде оқушының анасы мұғалімге қол көтерген. Жанжал соңы жаға жыртысуға дейін барады. Оларды өзге мұғалімдер ажыратып алған. Ең сорақысы, бұл жағдай балалардың көзінше болған.

Түркістан облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасындағылар бұл видеоға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, оқушының анасы сынып жетекшісімен сөйлесу үшін келген. Алайда арада жанжал туындап, әйел мұғалімге қол көтерген. Негізі, бұл отбасы мектеп есебінде тіркеуде тұр екен.

Әйелдің балаларын жиі соққыға алатыны жөнінде сынып жетекшісі 2020 жылы мектеп әкімшілігіне хабарлаған. Сол уақыттан бастап психолог пен әлеуметтік педагог үйіне барып, жағдайдың барлығын анықтады. Бұл жанұя нашар отбасы ретінде есепке алынған,

— делінген адами әлеуетті дамыту басқармасының мәліметінде.