Ақтөбеде көпқабатты үйдің жанынан қорапқа салынған сәбидің мәйіті табылды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Ғ.Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың мәйіті табылғаны туралы ақпарат полицияға 19 желтоқсан күні сағат 22:05-те келіп түскен.
Осы факті бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтады. Қылмыстық кодекстің 100-бабы "Ананың жаңа туған баланы өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген хабарламада.
Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ананың жеке басын анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.