Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"30 сағат бойы азаптады": Ақмола облысының тұрғыны сәбиінің ауруына өзі босанған аурухананы айыптауда

Ақмола облысының тұрғыны өзін босандырған Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасының дәрігерлерін сәбиінің мүгедек болып қалуына кінәлауда. Ананың сөзінше, дәрігерлер босану кезінде тиісті шараларды қолданбаған, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Спутник Қазақстанға сілтеме жасап.

"30 сағат бойы азаптады": Ақмола облысының тұрғыны сәбиінің ауруына өзі босанған аурухананы айыптауда
фото: ашық дереккөзден

Оқиға 24 қараша күні  Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасында болған.

Әйелдің сөзінше, жүктілік қауіпсіз өткен, іштегі баладан ешқандай патология анықталмай, қалыпты дамыған.

"Алғашында емдеуші дәрігер кесарь тілігін жасауды ұсынды. Алайда кейін босанар кезімде мұны аурухана елеусіз қалдырды. Су ерте кеткендіктен, мені табиғи жолмен босануға мәжбүрледі. Олар мені баламмен бірге 30 сағат бойы азаптады. Кейін нәрестенің ауыруы пайда болды деп, операция жасауға шешім қабылдады", – деді босанған әйел.

Сәбиге өмірдің алғашқы сағаттарында дамитын және әртүрлі ауырлықтағы неврологиялық бұзылулармен сипатталатын бас миының зақымдануы диагнозы қойылған. Және бронх люменінің бітелуімен меконий массасы (толық мерзімді ұрықтың ішектерінде болатын қою жасыл нәжіс) баланың өкпесіне ену нәтижесінде жедел тыныс жетіспеушілігі пайда болған.

"Медицина қызметкерлері босану ережелерін өрескел бұзып, қайғылы салдарға әкелді деп есептеймін", – деп қосты әйел.

Қазір ана мен бала Ақмола перинаталдық орталығында. Сәбидің анасы оқиғаның анық-қанығы анықталып, кінәлілерді жауапқа тартуды сұрайды.

Медициналық мекеменің өзі де, облыстық денсаулық сақтау басқармасы да жан-жақты тексеру жүргізуге уәде беріп, шағымға бірдей түсініктеме берді. Олар тексеру қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.