Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Павлодарда қыз зорлаған төрт жігіт сотталды

Алдын ала сөз байласу арқылы топ болып қыз зорлаған төрт жігіт сотталды деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда қыз зорлаған төрт жігіт сотталды
Фото: ашық дереккөзден

30 және 31 жастағы төртеудің әрқайсысы кінәлі деп танылып, топтық зорлау ісі бойынша сотталды.

Соттың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, прокурор айыпталушылардың бірін 11 жыл 6 айға, екеуін 11 жылға, ал біреуін 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші мен оның өкілі үш айыпталушыға ең ауыр жаза тағайындауды талап етті. Ал біреуін олар кешірді. Ол өз кінәсін жартылай мойындаған.

«Сотталушылардың бірінің жазасын жеңілдететін мән-жай баланың болуы, екіншісі үшін кінәсін ішінара мойындау болды. Павлодарлықтардың қылмысты мас күйінде жасағаны жазаны ауырлататын жағдай деп танылды», – делінген хабарламада.