Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Алматы тұрғынынан кокаин тәркіленді

31 жастағы Алматы тұрғыны кокаин таратумен айналысқан. Ол үйінің жанында есірткіні жасырған. Сол жерде оны полиция құрықтады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы тұрғынынан кокаин тәркіленді
фото: ашық дереккөзден

Г.есімді азамат есірткі айналымымен жақында айналысқанын айта бастады. Оның айтуынша, жұмысты бейтаныс адам ұсынған. Байланыс тек мобильді мессенджер арқылы жүргізілген. Ұсталған сәтте күдіктіден ақ түсті ұнтақ заты бар 10 бума табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама оның ірі кокаин партиясы екенін көрсетті. Есірткі сатушының әрекеті ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен квалификацияланған. Ол қамауға алынды, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.

Шаһарға есірткі жеткізу арнасын Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері анықтап жатыр, деп жазады polisia.kz.