Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

"Өгей әкесі қорлаған": 15 жасында ана атанған бойжеткен баласының әкесі кім екенінен бейхабар

13 жасында анасының екінші күйеуінен қорлық көріп, 15 жасында ана атанған Қызылорда облысының тумасы Перизат Манабаеваның тағдыры талқыға түсті, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап.

"Өгей әкесі қорлаған": 15 жасында ана атанған бойжеткен баласының әкесі кім екенінен бейхабар
фото: Koremiz

Бойжеткеннің анасы Әсия өзі жоқ кезде екінші күйеуі Перизатты зорлағанын айтты. Көңіл қосқан азаматынан мұндай азғындықты күтпеген ол ер адамды соттатты. Алайда мәселе мұнымен бітпеген. Бала тәрбиесінде алаңғасарлық танытқан ана мектеп оқып жүрген қызының жүкті екенін дәрігерлерден біледі. Перизаттың айтуынша, құрсақтағы баланың әкесі – өзінің ауылдасы Рақымжан Күнтуғанұлы. 

Мектеп кезінен көңіл жарастырған Перизат пен Рақымжан тағдыр жазып, шаңырақ көтерді. Бірақ Перизат екеуара махаббат болмағанын, бірнеше рет кездесіп, жыныстық қатынасқа зорлықпен түскенін айтады. Рақымжанның айтуынша, бастапқыда кездесуге Перизат өзі шақырған. Оның жүкті екенін білгенде алуға мәжбүр болған. Екеуі бас қосып, отбасы құрғаннан кейін Перизаттың ата-енесі баланың Рақымжаннан екеніне күмәндана бастаған. Сөйтіп ДНК сараптамасын жасатуға бекінген.

“Балам Перизатты қатты сыйлайтын. Бір-екі мәрте сөзге келісіп қалғанда Перизаттың өзі “ол сенің балаң емес” деп айтқан. Осыдан кейін көңілге күдік ұялады”, – деді Рақымжанның әкесі Күнтуған Жақсылықбайұлы.

Жүргізуші Рақымжаннан жыныстық қатынасқа түскенде Перизаттың неше жаста екенін білген-білмегенін сұрады. Рас-өтірігі белгісіз, баланың болжамды әкесі қалыңдығының нешеде екенін үйленген соң білгенін айтады.

“Екі рет жыныстық қатынасқа түскенімізді мойындаймын. Өзі жабысты. Екі ретте де кездесуге Перизат шақырды. Ешқандай зорлық болмады. Бұл қадамға екеуіміз де саналы түрде бардық”, – дейді Рақымжан.

Рақымжанның әке-шешесі қыздың жүкті екенін білгенде жауапкершілікті өз мойындарына алып, Перизатты келін етеді. Алайда уақыт өте кішкентай Хамзаның өз баласы екеніне күмәндана бастайды. Оның бұлай ойлауына Перизаттың ашу үстінде “Бала сенікі емес” деген сөздері себеп болған. 

Өз кезегінде Перизат та өз жұрты тарапынан қысым көрсетіліп, күмәнді ойлар айтыла бастағанда “Бала сенікі емес, менікі" деп айтқаным бар деп мойындады.

Болып жатқан шиеленісті жағдайға байланысты Рақымжанның ата-анасы заңгер жалдаған. Бір қызығы, “Арал мейірімі” қоғамдық қорының жетекшісі Әсел Бақытқызы екі әулеттің де мүддесін қорғамақ болған. 

“Бұл кісілер 2019 жылы Рақымжанның Перизатқа қол жұмсауына байланысты іс қозғалып, Күнтуған Жақсылықбайұлы бізден келіп консультация алды. Кейін екі жақ бір мәмілеге келіп, тарасты. Қыркүйектің 24 күні Рақымжан Перизатты зорлады деп айыпталып, қылмыстық іс қозғалды”, – деді заңгер.

Бағдарлама барысында заңгердің екі әулеттен де нотариалды түрде сенімхат алып, екі тараптың да мүддесін қорғамақ болғаны белгілі болды. Бағдарлама сарапшылары мұның заңбұзушылыққа жататынын, ал заңгердің бұл ісі үшін заң алдында жауап беретінін айтты.

Көптен күткен ДНК сараптамасының нәтижесі де белгілі болды. Генетикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, Рақымжан Хамзаның әкесі болмай шықты. Жүргізуші Перизаттан “басқа да күдіктілер бар ма?” деп сұрағанда бойжеткен Шыңғыс, Марат деген екі жігіттің атын атады.  Баланың биологиялық әкесінің кім екені алдағы уақытта белгілі болмақ.