Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Атырау облысы тұрғынынан 4 келі марихуана тәркіленді

Атырау облысының 36 жастағы тұрғынынан 4 келі марихуана тәркіленді, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі ІІМ-нің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Атырау облысы тұрғынынан 4 келі марихуана тәркіленді
фото: ашық дереккөзден

"12 желтоқсан күні Махамбет ауданы Бейбарыс ауылында орналасқан шаруа қожалығында Атырау облысы Полиция департаменті ҰҚҚІҚБ және ЕҚҚБ қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқан 36 жастағы ер адамды анықтады", - ведомство таратқан хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, полицейлер екі пакетке оралған 7 қарасора бұтасы мен 4 келі марихуананы тәркіледі.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.