Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Бізден қорқады": Алматыдағы наркологиялық орталыққа қатысты шу шықты

Ер адам наркологиядан үйіне денесі көгеріп және тырналған күйде келген. 55 жастағы азаматтың туыстарының сөзінше, қызметкерлер оны емдеудің орнына аяусыз ұрған.

"Бізден қорқады": Алматыдағы наркологиялық орталыққа қатысты шу шықты
Фото: ktk.kz

Алматыда жеке наркологиялық клиникаға байланысты шу шықты, деп хабарлады paryz.kz, KTK телеарнасына сілтеме жасап.

Ер адам наркологиядан үйіне денесі көгеріп және тырналған күйде келген. 55 жастағы азаматтың туыстарының сөзінше, қызметкерлер оны емдеудің орнына аяусыз ұрған. Мекемеде 5 күн жатқан азаматтың денесі көкала қойдай болған.

"Ол мұнда аяғымен келді, сау болды. Тек қанын тазартқымыз келді. Нәтижесінде, гематомалар пайда болды. Өзін біртүрлі ұстайды. Бізден қорқады", - дейді туысы.

Жәбірленушінің туыстары орталық қызметкерлерін кінәлі деп отыр. Науқас әйелі қайтыс болған соң ұзақ уақыт ішімдік ішіп, кейін наркологиялық клиникаға жатқызылған. Алайда клиника қызметкерлері өздерін кінәліміз деп есептемейді. Олардың сөзінше, ер адам өзі жығылып қалған.

"Ол өзі құлап түсті. Айнаны басымен сындырды. Терезені сындырды. Өзі жатқан кереуетті қиратты. Ешкім оны ұрған жоқ. Жаймалармен байладық", - дейді наркологиялық орталықтың қызметкері Нұрсұлтан Келесбекұлы.

Аталған іске қатысты полиция жұмысына кірісті. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.