Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Астаналық әйел 21 жыл бойы өзі танымайтын еркекпен некеде болған

Aстана тұрғыны электронды үкімет порталы арқылы өзінің 21 жыл бұрын тұрмысқа шыққанын білген. Бір қызығы, әйел күйеуін тіпті танымайтын болып шықты, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Астаналық әйел 21 жыл бойы өзі танымайтын еркекпен некеде болған
фото: ашық дереккөзден

Өзінің некеде екенін білгеннен кейін әйел тіркеу орындарына жүгінеді. Бірақ АХАТ мамандары оған некені бұзу үшін күйеуімен келіп, бірге өтініш жазу керектігін айтқан. Амалы болмаған әйел 21 жыл некеде болған белгісіз жұбайын іздеп тауып, "некені жоққа шығару" туралы өтініш жазуын сұрайды. Алайда ол АХАТ бөліміне барудан да, өтініш жазудан да  бас тартады. 

Осыдан кейін әйел Астана қаласының әділет департаментіне шағымданады. Бірақ мұнда да "некені жоққа шығару үшін ерлі-зайыпты өтінішті бірге жасау керек" дегенді айтады. Дегенмен "қағаз түріндегі акт жазуында некеге тұрғандардың қолы қойылмаған".

"Осыдан кейін әйел елорданың әкімшілік сотына барады. Ол соттан "күйеуін" некенің күшін жоюға мәжбүрлеу туралы талап етеді. Судья соттың белсенді рөлі қағидатын қолдана отырып және дауды қараудың құқықтық салдарын түсіндіре отырып, тараптармен әңгіме жүргізді", – деп мәлімдеді Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты

|Соңында екі тарап келісімге келіп, атқарушы орган тіркелген неке қию актісінің күшін жоюға міндеттеді.