Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Өгей қызын зорлаған қасқөй түрмеде отырып 10 млн теңгемен істі жаппақшы

Батыс Қазақстанда өгей қызын зорлап келген қасқөй әке сот үкімімен 20 жылға сотталған болатын. Үкім заңды күшіне енбеген. Сотталушы тарап апелляциялық шағым түсірген. Абақтыда отырған ер кісі 12 жасар қыздың туған әкесі арқылы бостандыққа шығуды ойлап жүр, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Өгей қызын зорлаған қасқөй түрмеде отырып 10 млн теңгемен істі жаппақшы
фото: ашық дереккөзден

Бұл сұмдық жайт туралы қоғам белсендісі, "Не молчи" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Instagram парақшасында жазды.

12 жастағы қызды сіңлісінің көзінше зорлаған. Сот оған 20 жыл мерзімге жаза кесті. Бүкіл туысы бостандыққа шығарып алудың амалын іздеп жүр. Қыздың анасына пәтер әпермек болған. Ал түрмеде отырған қаскөй қыздың туған әкесіне 10 млн теңге ұсынған,

— деп жазды қоғам белсендісі.

Дина Таңсәрі желі оқырмандарына түсінікті болу үшін абақтыда отырған педофилдің Whats App мессенджері арқылы жәбірленушінің туған әкесіне жазған жазбасының скрин фотоларын жариялады.

Түрмеде жазықсыз отырмын. Маған 20 жыл берді. Қызды зорламағанымды сен де жақсы білесің. Оны мәжбүрлеп айтқызған. Қызыңмен сөйлесші, кім айтқызғанын біліп берші. Сендерге ақша керек екенін білемін, бірақ 10 миллионнан көп бере алмаймын

— делінген жазбада.