Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қарағандыда тоғыз айлық сәби дәрі егілген соң жансақтау бөліміне түскен

Қарағандыда жедел жәрдем фельдшері укол салған тоғыз айлық сәби жансақтау бөліміне жеткізілді. Сәбидің ата-анасы жағдайды реттеп, кінәлілерді жазалауды талап етті, - деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағандыда тоғыз айлық сәби дәрі егілген соң жансақтау бөліміне түскен
фото: ашық дереккөзден

Сәбидің анасы оқиға туралы әлеуметтік желіде айтып берді. Ол 8 желтоқсанда нәрестенің қызуы көтеріліп, жедел жәрдем шақырғанын жазды. Фельдшер балаға қызуды түсіретін укол берген, содан кейін оның аяғы ісіп, қызарып кетті, дейді қарағандылық әйел.

"Екпеден кейін препаратқа аллергиялық реакция пайда болды. Ешкім аллергиялық тест алған жоқ, баланың бұл препаратқа аллергиясы бар ма, жоқ па білмеймін. Екпе бөксеге жасалды, содан кейін бүкіл бөксесі мен аяғы қызарып, ісіп кетті", - деп жазды нәрестенің анасы.

Қазір, әйелдің айтуынша, сәби ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Балада абсцесс дендеп, қан құюды қажет болған. Әйел жағдайды анықтап, кінәлілерді жазалауды талап етті.

Қарағанды ​​облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізілетінін хабарлады.

"Дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіледі. Тергеу қорытындысы қосымша жарияланады. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты ауыр, толық емделіп жатыр", - деді ведомство өкілі.