Астанада TikTok әлеуметтік желісінде терроризмді насихаттағаны үшін ер адам жеті жылға сотталды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Астана қаласы "Байқоңыр" ауданының №2 сотының баспасөз қызметі мәлім етті.
"6 желтоқсанда Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2соты ҚК-тің 256-бабының 2-бөлігінде (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін И. есімді азаматқа сотқа қатысты айыптау үкімін шығарды және жеті жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.
Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы TikTok-та "қарулы жиһад" идеологиясын тарататын діни сипаттағы видео жариялаған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.