Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Петропавлда жұмысшы құрылыста құлап, көз жұмды

Петропавлда 47 жастағы ер адам тұрғын үйдің жоғары қабатынан құлап, алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Петропавлда жұмысшы құрылыста құлап, көз жұмды
фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, оқиға 5 желтоқсанда Петропавлдағы 126 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс алаңында сағат 15.30 шамасында болған.

Қайтыс болған азаматтың аты-жөні –  Қалел Маденов. Ол тас қалаушы болып жұмыс істеген. Құрылыста жоғары қабаттан құлап кетіп, ауыр жарақаттан 6 желтоқсанда емдеу мекемесінде қайтыс болған.

СҚО мемлекеттік Еңбек инспекциясы басқармасының хабарлауынша, құрылысшы плита жабындысының үстіне түскен. «Құрылыс-Сервис-СК» ЖШС директоры Еңбек инспекциясына қызмет көрсету шартымен қоса, жазатайым оқиға туралы хабарлама берді. Еңбек кодексінің 186-бабына сәйкес, қызметкерлердің еңбегіне байланысты және еңбекке жарамсыздыққа, не өлімге әкеп соққан денсаулығына зиян келтіру жағдайлары тергеледі.

Қайтыс болған Маденов пен «Құрылыс-Сервис-СК» ЖШС арасында азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасалғандықтан, құқықтық қатынастар ҚР Азаматтық кодексімен реттеледі. Осының негізінде жазатайым оқиға Еңбек кодексінде көзделген арнайы тергеуге жатпайды.