Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«Дәрігерлердің үстемеақысын алып қойған»: Қарағандыда аурухана директоры сотталды

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы орталық ауруханасының директоры алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотта оның қоластындағылардан ковид кезіндегі үстемеақының бір бөлігін алдап алғаны анықталды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Дәрігерлердің үстемеақысын алып қойған»: Қарағандыда аурухана директоры сотталды
Фото: tengrinews.kz

Дәрігерге қатысты қылмыстық іс Бұқар жырау аудандық сотында қаралған.

"Аурухана директоры алаяқтық жасады деп айыпталды. Ол аурухана қызметкерлерінен алаяқтық жолмен ковид кезіндегі үстемақысын алып қойған. Басшы 2,2 миллион теңге жинады", - деді Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі өкілі.

Сот үкімімен аудандық аурухана директорына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыру және 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған