Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Зейнетақы жинағын алу шегінің өзгеруіне қандай факторлар әсер етеді?

Жеткіліктілік шегі жас ерекшеліктеріне қарай 3 млн-нан 10 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Зейнетақы жинағын алу шегінің өзгеруіне қандай факторлар әсер етеді?
фото: liter.kz

Мысалы, 20 жастағылар үшін ең төменгі жеткіліктілік шегі 3 140 000 теңгеден 3 260 000 теңгеге дейін, 30 жастағылар үшін – 4 370 000 теңгеден 4 580 000 теңгеге дейін, 40 жастағылар үшін – 5 790 000 теңгеден 6 100 000 теңгеге дейін ұлғайды.  

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы 1 340 016 өтінішін орындады. Банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына – уәкілетті операторға БЖЗҚ шамамен 3,2 трлн теңге қаражат аударды. Айта кету керек, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына 458 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды. Өйткені біржолғы зейнетақы төлемдерін қазақстандықтар заңнамада белгіленген мерзімде не өтініш берушінің өтініші бойынша және өзге де себептер бойынша пайдаланбаған. Бұдан бөлек БЖЗҚ жалпы сомасы 314,9 млрд теңгеге емделуге берілген 398 875 өтінішті орындады. БЖЗҚ-ға 32,1 млрд теңге қаржы қайтарылды.

Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі Үкіметтің қаулысымен бекітілген. Оған сәйкес, ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері әр жас үшін жыл сайын қайта қаралып, болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуі ескеріледі.

Осы тұста ең төменгі жалақы, зейнетақының ең төменгі мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейі секілді әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. 2023 жылы ең төменгі жалақы 70 000 тг, зейнетақының ең төменгі мөлшері – 53 076 тг, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341 тг, ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 тг болып белгіленді. Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу кезінде ескерілетін басқа да әлеуметтік маңызды көрсеткіштердің мөлшері артты.