Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Тоңазытқыштан табылған нәрестеге қатысты сот отырысы өтті

Экс-дәрігер әділ шешім шығып, жұмысына оралғысы келетінін айтты.

Тоңазытқыштан табылған нәрестеге қатысты сот отырысы өтті
Фото: ашық дереккөз

Атырау қаласы перинаталдық орталығының тоңазытқышындағы нәрестенің өліміне қатысты сотталушы, бұрынғы бас дәрігер Қуаныш Нысанбаев сөз сөйледі, деп хабарлады paryz.kz, "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

"Әкем дәрігер болғандықтан, осы мамандықты таңдадым. Зиялы отбасында өсіп, әкемнің жолын қудым. Санкт-Петербургте оқып жүрген кезде акушер-гинеколог болуға шешім қабылдадым. Мен акушерия мен гинекологияда қажет болатын барлық операцияларды жасай аламын. Гиппократтың антын бұзған емеспін. Енді бізге осындай ауыр айып тағылып отыр. Мен енді дәрігер болғаныма өкінемін", - деді Нысанбаев.

Ол өзіне тағылған айыпты негізсіз, нақты деректер жоқ деп есептейді.

"Мемлекеттік айыптау және бұқаралық ақпарат құралдары іздерді жасыру үшін мен баланы суға салғаным туралы айтып отыр. Бірақ іс жүзінде мен сол кеште достарыммен саунада болдым. Жанымда болған адамға су жайлы айтқанмын, оның балаға қатысы жоқ. Олар әңгіме барысында біз Тұрымбетованың баласы туралы айттық дейді. Бірақ сөздері дәлелсіз", - дейді бұрынғы бас дәрігер.

Экс-дәрігер әділ шешім шығып, жұмысына оралғысы келетінін айтты.

"Мен елбасынан, Тоқаевтан, Бас прокурордан әділ шешім қабылдауларын сұраймын. Әлі күнге дейін айыптау актісін оқып жатырмын және мені неге кінәлап отырғанын түсінбеймін. Мұны ешкім - Жамиля да, Асқар да, мен де жасамадым. Мен президентке "заң бұзған жоқпын, адал жұмыс істедім. Егер тағы мүмкіндік берсе жұмыс істеймін" дегім келеді", - деді Нысанбаев.

Айта кетсек, былтыр 29 қыркүйек күні Атыраудың перинаталдық орталығында нәресте дүниеге келді. Нәресте туған кезде өмір белгілері байқалмаған. Алайда, баланы тоңазытқышқа апарғанда оның аяғы қимылдай бастаған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, дәрігерлер құжаттарда шатаспас үшін шақалақты тоңазытқышта қалдыру туралы шешім қабылдаған. Прокуратура 5 дәрігерді 3 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.