Қызылордада 12 желтоқсан күні сағат 21:50 шамасында полицияға Қазбек би мен Қазантаев көшелеріндегі көпірден әйелдің секіріп, суицид жасауға әрекеттенгені жөнінде хабар түсті, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жедел-тергеу тобы оқиға орнына жеткен. Өкінішке қарай, азаматшаның қайтыс болғаны анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.