Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Арзанға тауар әперемін деген әйел Атыраулықтарды алдап кетті

Атырау полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен 45 жастағы әйелді ұстады. Ол алаяқтық жолмен 5 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Арзанға тауар әперемін деген әйел Атыраулықтарды алдап кетті
фото: ашық дереккөзден

Polisia.kz сайтының жазуынша, 23 қараша мен 3 желтоқсанда ол 34 жастағы жергілікті тұрғынға жалпы сомасы 2,2 миллион теңгеге алты қымбат телефон, ал 31 жастағы ер адамға 1,6 млн теңгеге тұрмыстық техника, 27 жастағы жігітке 498 мың теңгеге Iphone 13 Pro, ал 18 жастағы Атырау тұрғынына 1,2 миллион теңгеге үш Iphone 13 Pro сатып алуға көмектесуге уәде берген.

"Ақшаны алған алаяқ телефонын алмай қойған. Жәбірленушілер полицияға хабарласты. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 45 жастағы күдікті ұсталды", – делінген хабарламада.

Ұсталған азаматтың үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190-бабының 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқаны мәлім болды.