Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Жамбыл облысының екі тұрғынынан жарты тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Жамбыл облысының полицейлері жарты тоннаға жуық есірткі тәркіледі, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Жамбыл облысының екі тұрғынынан жарты тоннаға жуық есірткі тәркіленді
фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Polisia.kz сайтының жазуынша 8 желтоқсанда полицейлер Ваз-2121 автокөлігін тоқтатып, автокөлікті тексеру кезінде жүк салғыштан екі қапшық гашиш есірткі заты табылды

Одан бөлек, сол орыннан 2 шақырым қашықтық жерде целлофаннан екі күркеше жасап, 36 қап марихуана мен 1 қап гашиш есірткі заттарын жинап қойғаны анықталды. Сондай-ақ, есірткі құралдарын илейтін екі елек табылды -  дейді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.                  

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 472 келіден асты, оның ішінде 369 келі 588 грамм кептірілген марихуана және 102 келі 760 грамм гашиш бар.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы ытың айтуынша, қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Ұсталған 47 және 30 жастағы күдіктілер өз кінәлерін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды - дейді  Әлім Бажықбаев.