Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ақтөбеде 13 жасар баланы қағып, көмектеспей қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Ақтөбеде тәртіп сақшылары 13 жасар баланы қағып, оған көмектескеннің орнына оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні тауып, ұстады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Ақтөбеде 13 жасар баланы қағып, көмектеспей қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Polisia.kz- тің хабарлауынша 25 қараша күні жол талғамайтын көлік жүргізушісі Бейбітшілік даңғылымен жүріп, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апатынан кейін көлік жүргізушісі балаға көмек көрсетпей, оқиға орнынан кетіп қалған. 

Автокөліктің сырты лас болуына байланысты көлік нөмірін анықтау жұмыстары қиынға соқты. 

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 9 желтоқсан күні 31 жастағы автокөлік жүргізушісі анықталды.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 және 611-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.