Желі қолданушылары тек біржақты нашар пікірлер жазды.
Қазақстанның қыздар футбол құрамасы француздардан 12:0 есебімен тас-талқан болып жеңілді, деп хабарлады paryz.kz.
Футболдан 2021 жылы өтетін әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары мәресіне жетті. Соңғы турда Қазақстан әйелдер құрамасы Франция құрамасымен бәсекеге түсті. Өзіне 12 гол жіберіп алған Қазақстан құрамасының қақпашысы Ирина Сандалованың матч бойы боғауыз сөздер айтқан видеосы желіде тарады. Әлеуметтік желі қолданушылары тек біржақты нашар пікірлер жазды.
Қақпашы қақпасына бірінші таймда 5, екінші таймда 7 доп жіберіп алды. Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тобында ең соңғы орынды еншіледі.