Онлайн конференциялар, дәрістер өтетіндердің ZOOM-ға кіруі мүмкін болмай қалғаны да хабарланды.
Нұр-Сұлтан тұрғындары интернет-ресурстарға қол жеткізу мәселесіне байланысты шағымданды, деп хабарлады paryz.kz.
Пайдаланушылар YouTube бейнехостингі және Google іздеу жүйесі жұмыс істемейді десе, кейбір пайдаланушылар мүлдем интернет жоқ деп отыр. Біреулер VPN арқылы ғана әрең дегенде сайттарға кіреді. Тек аз бөлігінің ғана интернетке қолжетімділігі бар.
Онлайн конференциялар, дәрістер өтетіндердің ZOOM-ға кіруі мүмкін болмай қалғаны да хабарланды. Айта кету керек, қазіргі уақытта көптеген елордалық оқушы қашықтан білім алып жатыр.
Бұған дейін елорда тұрғындарына "Кибер-қауіпсіздік Нұр-Сұлтан - 2020" оқу-жаттығуын өткізуге байланысты мәселелер туындауы мүмкін екендігі хабарланған болатын. Оқу-жаттығу 6 желтоқсанда басталды.
Бүгін, яғни 7 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында "Нұр-Сұлтан қаласында киберқылмыстарды өткізу туралы" баспасөз конференциясы өтеді. Сол жерде нақты ақпарат берілуі мүмкін.