Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Шымкенттік лесби қыз бұрынғы сүйікті қызын сағынып жүргенін айтты

Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны өзінің лесбиянка екенін толыққанды түсініп, ата-анасына айтуға батылы жетпей жүрген көрінеді.  Қаймағы бұзылмаған қазақи өңірдің қызы өзі сияқты лесби қыздарды қандай белгілері арқылы ажыратуға болатынын түсіндірді және өз құпияларымен бөлісті. 

Жансая Бекмұрат есімді Шымкент өңірінің тумасы қазіргі таңда өзінен 2 жас үлкен қызбен жақын қарым-қатынаста екен. Бір сөзбен айтқанда " жан жақындығымыз да, тән жақындығымыз да бар", дейді деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Caravan.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкенттік лесби қыз бұрынғы сүйікті қызын сағынып жүргенін айтты
фото: ru.pinterest.com

 Лесби қыздарды өзге қыздардан оңай ажыратуға болады. Бас бармақтарында жүзік болады. Атмосфералары өзгеше болады. Олардың темекі шеккені де өзгеше болады. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Әйтеуір, кездескенде бір-бірімізді бірден сезіп, біліп тұрамыз. Және бір-бірімізге жақындай бастаймыз. Олардың көзқарастары да ерекше болады - дейді Жансая.

Жансая кішкентай кезінде журналдарды ашып, қыздардың суретін көргенде олардан қатты ләззат алатын. 14 жасында көрші қызға ғашық болған. Бірақ ол қыз бұл ойынан бейхабар еді. Жансая 16 жасқа толғанында ата-анасы оның жыныстық қатынас жайлы жазған хатын оқып қояды. Бірақ оны Жансаяның балалығына балаған. Қазір ата- анасы Жансаяның тұрмысқа шыққанын қалап, небір жігіттермен таныстырады екен. Жансаяға олардың ешқайсысы ұнамайды. Тіпті бет бұрыпта қарағысы келмейді.

Мен опасыздықты талай бастан кештім. Үш жыл бір қызбен кездесіп жүрдім. Кейін оның ер адамға тұрмысқа шыққаны, маған ауыр соққы болды. Менімен кездескен қыздарда маған деген тек симпатия болады. Яғни, менің сезіміме жауапсыз қарайды. Алайда, маған төсек қатынасты маңызды нәрсе емес. Бастысы, маған да шынайы болатын махаббатымды кездестірсем екен деймін. 

Маған ер адам ешқандай сезім алып келмейді және келмеген де. Үш жыл жүрген қызым тұрмысқа шығып кеткенде менде оған қасарысып тұрмысқа шығамын деп ер адаммен жүріп кеткім келді. Қаншама жігіттер сөз айтты, біреуін таңдап жүріп көрмекші болдым. Бірақ ешқандай сезім, махаббат, симпатия болған жоқ. Күнде сыйлықтарын, гүлін алып келеді, ал мен тіпті оның қолын ұстауға да жиіркеніп тұрамын. Бірге серуендеп жүргенде оның бар ойы мен болсам, менің бар ойым қасымнан өткен әдемі қыздарда болады. Бұл уақытша құбылыс деп ойламаймын, ойым өзгерсе 9 жылдан бері өзгеретін еді.

Ата-анам қазақи отбасынан шыққан, қарапайым адамдар, оларға бұл жағдай өте ауыр тиері сөзсіз. Сол себепті оларға айтуға батылым жетпей жүр, бірақ менің 25 жасқа келіп әлі бір жігітпен қарым-қатынасым жоқ екенін біледі. Бұрынғы жүрген қызымды ата-анам құрбым деп ойлайды. Барып қайтпайсың ба? Сені сұрап хабарласты деп айтады маған, құрбың тұрмысқа шығып бақытын тапты, барып қасында болып қайтсаңшы саған жұғысты болсын дейді. Ал, ол екеуіміздің арамызда не болғанын тіпті білмейді де ғой. 

Қарым-қатынаста мен ер адамның рөлін атқаратын едім, мен - пассив ол-актив рөлін алды. Себебі ол: сызылып қалған, нәзік өте сүйкімді еді. Мен оған қатты ренжіп қалғанмын. Бірақ ол маған тұрмысқа шықтым деген жәй атауы ғана мен сені сүйем деп көп айтады. Түнде телефоныма хат жазады. "Сені құшақтап ұйықтағым келеді, өтінем келші 3 күнге болса да", деп. Мен оның құрбысы болып баруым керек екен. Ондайға мен шыдай алмаймын, оны басқа еркекпен көру өте жаман сезім, ауыр тиеді маған. Жаңадан тұрмысқа шыққаннан соң, ол әзірге Шымкентке келе алмайды, бірақ маған Алматыға келші деп жалынып жүр. Шынымды айтсам әрең жүрмін. Оны қатты сағындым, ол кеткен соң ешқандай қызға дәл солай ғашық болмадым. Ойланып жүрмін, оған қатты барғым келеді. Ол сыйлаған ләззатты маған басқа ешқандай қыз сыйлай алмады. Сіздер қызбен сүйісудің, қызбен құшақтасудың қандай ғажап екенін білмейсіздер. Сондықтан ерсі көресіздер. Ал шын мәнінде оны бастан өткеріп сезіне білу керек. Сонда ғана түсінесіздер- дейді Жансая.