Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Маңғыстау облысында 12 мыңнан астам адам жұмыссыз: Облыстың ауыл тұрғындары әкімдіктен жұмыс сұрайды

Маңғыстау облысындағы Маңғыстау ауданының тұрғындары тұрақты жұмыс сұрап, наурыз айынан бері күнде әкімдік алдын торуылдауда, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында 12 мыңнан астам адам жұмыссыз: Облыстың ауыл тұрғындары әкімдіктен жұмыс сұрайды
Фото: Abai.kz

Шетпе ауылының тұрғындары қиын заманда жұмыс табылмағанына наразы. Тіпті жоғары білімі бар азаматтардың өзі жұмыссыз жүр. "Мұнайдың үстінде отырған өңір тұрғындарына өндірістен жұмыс табылмағанына халық қынжылады.

Ал әкімдіктегілер қазір өңірде 12 мыңнан астам адам жұмыссыз екенін және олардың барлығына кәсіпорындардан орын тауып бере алмайтындарын айтты. Шетпе ауылының жұмыссыз азаматтары наурыз айынан бері әкімдіктен жұмыс сұрайды.

Мен де, келіншегім де жұмыссыз, екі балам бар. Жұмыссыздықтың кесірінен газ, свет, үйдің ақшасы бәрі төленбеді. Өндірістік мекемеден тұрақты жұмыс талап етеміз. 100 мың теңгеге күн көру деген мүмкін емес, – деді ауыл тұрғыны Бердібек Айтжанов.

Шетпелік азаматтардың бірі қымбатшылық жағадан алып жатқанын айтты.

Қазір жағдай қиын. Тамақ қымбат, киім қымбат. Киім алмағанымызға екі жыл болды. Киімсіз жүрміз. Жағдай жоқ, күй жоқ. Ескі үйде тұрамыз, – деді тұрғын.

Азаматтар жұмыспен қамту орталығы ұсынған қоғамдық жұмыстарға барғысы келмейді. Өйткені 100 мың теңгеге де жетпейтін жалақымен бір отбасыны асырау мүмкін емес. Сонымен қатар, Маңғыстау облысында азық-түлік пен киім-кешектің басқа өңірлерге қарағанда қымбат.

Маңғыстау облыстық жұмыспен қамту орталығындағылар мұнай компанияларынан барлығына жұмыс таба алмайтындарын кесіп айтты.

Жұмыс орындары жоқ деп айта алмаймыз. Бірақ өкінішке қарай азаматтарымыздың барлығы мұнай саласындағы кәсіпорындарға жұмысқа орналасуға ниетті. "Маңғыстаумұнайгаз" және оған мердігер сервистік қызмет көрсететін кәсіпорындардың бөлген вакансиялар есебінен Маңғыстау ауданында 2022 жылы 115 жергілікті тұрғын жұмысқа орналасты, – Маңғыстау облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Досан Жеткізген.