Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Ел басына етті де несиеге алатын күн туған ба?..

"Ет несиеге беріледі. Бұл жарнама біреуге күлкі болар, енді біреуі мән де бермес..." – дейді, оның растығына көпшіліктің көзін жеткізуге тырысқан жазба авторы.

Ел басына етті де несиеге алатын күн туған ба?..
фото: facebook.com

Di Summer деген лақап атты алматылық әйел өзінің Facebook-тегі парақшасына несиеге ет сатылатынын жазды, деп хабарлады paryz.kz.

Ол аталған жарнамамен бірге еттің фотосуретін де салған.

"Ет несиеге беріледі. Бұл жарнама біреуге күлкі болар, енді біреуі мән де бермес..." – дейді, оның растығына көпшіліктің көзін жеткізуге тырысқан жазба авторы.

Ондағы суретке қарағанда, етті банктің өзі жарнамалайтын көрінеді. Оның рас-өтірігі әзірге белгісіз, әрине. "Несиеге ет алайын деп жатыр едім" деген бір қазақстандықты да көрмедік. Алайда, соғым соятын жағдайы жоқтардың аузын жылы-жұмсаққа тигізу үшін бұл да банк басшыларының қаперінде жүруі тиіс дүние сияқты ма, қалай?