Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

«Сәлем салу күнә»: Имам көптің көкейінде жүрген сауалға жауап берді

Көпшілікке әлеуметтік желі арқылы танымал болған Нұрлан қажы Байжігітұлы қазақтың салт-дәстүрін күнә деп санайтындарға жауап берді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі exk.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Сәлем салу күнә»: Имам көптің көкейінде жүрген сауалға жауап берді
фото: nur.kz

TikTok желісінде тікелей эфир кезінде оқырмандардың бірі имамға «Сәлем салу күнә ма?» деген сұрақ қойды. Имам көптің көкейінде жүрген сауалға жауап беріп, күдігін сейілтті.

Кавказда, Татарстанда қазақ туралы айтып жүргендерді көрдім. «Сәлем салу күнә» деп біреулер далбасалап жүр. Ешкімді тыңдамаңыздар. Сәлем салу - қазақтың дәстүрі, - дейді Нұрлан имам.

Сондай-ақ ол сәлем салудың пайдасын да атап өтті.

Бұл дәстүрдің ең кішкентай әрі басты пайдасы - белің «грыжа» болмайды. Протрузия деген аурумен ауырмайсың. Сәлем сала бер, - деді имам.

Сауалға нақты жауап берген имам желі қолданушыларын риза қылды.