Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Сапасыз интернет үшін айыппұл мөлшерін ұлғайту ұсынылды

Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев Қазақстанда сапасыз интернетке бақылауды күшейтіп, айыппұл мөлшерін ұлғайтуды ұсынды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Сапасыз интернет үшін айыппұл мөлшерін ұлғайту ұсынылды
фото: comp-web-pro.ru

Дата орталықтар (деректерді өңдеу орталығы) мен серверлер халықаралық стандартқа сәйкес емес немесе мүлде жоқ. Білім және ғылым, денсаулық, әлеуметтік, экономика салаларында кешенді қашықтан оқытудың LMS, ERP платформалары толыққанды жұмыс істемейді, - деді депутат Сенаттың жалпы отырысында.

Ғалиасқар Сарыбаев қалалар мен ауылдарда интернетке қол жеткізуде алшақтық барын атап өтті.

«Елімізде 100 адамның 15-і тұрақты интернетке тіркелсе, ауылдық жерлерде 100 адамның тек 8-і ғана желімен қамтамасыз етілген», - деді ол.

Осы орайда сенатор интернеттің сапасын одан әрі жақсарту үшін бірқатар ұсыныс айтты.

Реттеуші тарапынан интернет сапасы бойынша талаптарды қатаңдату және айыппұл мөлшерін ұлғайту жөнінде қолданыстағы заңнамаларға ұсыныстар берулеріңізді сұраймыз. Ірі цифрлық хабтар салу, жоғары дәрежелі IT-кадрларды даярлау бойынша қажет шаралар атқаруды ұсынамыз, - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Қазақстанда интернет жылдамдығы қашан тұрақталатынын айтқан еді.