Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Түркістан облысында пара алған бас дәрігер сотталды

Оған 17 млн 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

 

Түркістан облысында пара алған бас дәрігер сотталды
фото: www.costaricantimes.com

Пара алған Келес аудандық ауруханасының бас дәрігеріне сот үкімімен жаза тағайындалды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

 5 желтоқсанда Келес аудандық сотының үкімімен Келес аудандық ауруханасының бас дәрігері А.Бексұлтанова мен бас есепшісі Ж.Ермаханова сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында олар стоматологиялық қызметтер көрсету жөніндегі шартты бұзбау және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерден 500 000 теңгені пара ретінде алғаны анықталды.

Сот үкімімен айыпты деп танылған бас дәрігер мен бас бухгалтердің әрқайсысына 17 млн. 500 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте, судья, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республик асының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.