Желде Павлодарда көшелерінің бірін су басқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Pavlodarnews.kz мәліметінше, оқиға Исеналиев көшесі,1 мекенжайында болған.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС дерегіне сүйенсек, 7 желтоқсан күні «Толағай» ЖШС мердігер ұйымы Исеналиев көшесі бойында жаңа құбырды қайта қосу жұмысын жүргізген.
Жұмыстың сапасыз орындалуы салдарынан құбыр жарылып, жолдың бойын су басқан.