Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қарағанды тұрғыны аяздан үсіп екі аяқ, екі қолынан айырылды

Қарағанды облысында соңғы бір аптадан бері түнде сынап бағанасы -30 градусқа дейін төмендеп тұр. Сондықтан көшеде аязға ұрынып қалып жатқандар бар деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Halyquni.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс бойынша соңғы бір айда аяздан 44 адамды үсік шалған.

Қарағанды тұрғыны аяздан үсіп екі аяқ, екі қолынан айырылды
фото: krasrab.ru

Тіпті, бір өте табысты кәсіпкер көңілді отырыстан шыққан соң саябақтағы орындықта ұйықтап кетіп, үсіп қалған. Соның салдарынан ол екі аяқ, екі қолынан айырылды. Көбінесе үсік шалғандар ішімдік ішкеннен кейін тоңғанын білмей қалып жатады, - дейді облыстық травматологиялық орталықтың бөлім жетекшісі Ерік Шонбаев.

Жалпы, облыс бойынша соңғы бір айда аяздан 44 адамды үсік шалған. Оның 22-сі әлі ауруханада жатса, 6 адамға ота жасауға тура келген.

Мамандар тұрғындарға барынша жылы киініп, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес беріп отыр.