Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Атырауда 13 жастағы қызды зорламақ болған педофилдің қайтыс болғаны рас па?

Атырауда 13 жастағы қызды зорламақ болған күдікті қайтыс болды ма? Полицейлер хабарламаға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Атырауда 13 жастағы қызды зорламақ болған педофилдің қайтыс болғаны рас па?
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Атырау қаласында 13 жастағы қызды зорламақ болған күдікті ұсталған жерінде ішкі ағзадан қан кетуі салдарынан камерада қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды.

Полиция мәлімдеме жасады.

«6 желтоқсанда жасөспірімді зорламақ болған жерінде ұсталған адамның қамауда қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желі қолданушылары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша жауапты екенін хабарлаймыз. Сондай-ақ, факт бойынша жалған ақпарат таратқан тұлғаларды анықтау жүргізіліп жатыр», – деді полиция өкілдері.