Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Соғым науқаны: жылқы етінің бағасы 16 пайызға қымбаттады

Биылғы қараша айының қорытындысы бойынша, қазақстандықтар көп тұтынатын сиыр еті 8%, жылқы еті 16,1% қымбаттаған деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Energyprom.kz - ке сілтеме жасап.

Соғым науқаны: жылқы етінің бағасы 16 пайызға қымбаттады
фото: ainews.kz

Жас немесе тоңазытылған ет өндірісі 2022 жылғы қаңтар-қазанда 59,1 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1% өскен.

Сондай-ақ шошқа етінің бағасы 13,4%, қой еті 12,4%-ға артып отыр.

Ақшалай есептегенде, 2022 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша сүйекті жылқы етінің келісі 2 999 теңгеге, сүйекті қой етінің келісі 2 673 теңгеге, сүйекті сиыр етінің келісі 2 421 теңгеге, ал сүйекті шошқа етінің келісі 2077 теңгеге жеткен.