Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Полицейлерді алдаған қыз жауапқа тартылды

Олар бірден іске кірісіп, ерлі-зайыпты кінәлаған адамның соңына түсіпті.

Полицейлерді алдаған қыз жауапқа тартылды
Фото: ашық дереккөз

Елордада ұялы телефоным ұрланды деп жалған ақпарат берген азамат ұсталды, деп хабарлады paryz.kz, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалған шағым түсірген 23 жастағы қыз басқа бір адамға жала жауып, өзіне жаңа телефон алдырып алмақшы болған.

Арызданушы қыздың сөзінше, ұялы телефонын өзі отырған көліктің такси жүргізушісі ұрлаған. Содан полиция қызметкерлері бірден іске кірісіп, кінәлі деген адамның соңына түсіпті. Алайда жәбірлендім деген қыздың сөзі жалған екені анықталды.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодестің “Қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.