Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

СҚО-да бірден екі көлік жылқылармен соқтығысты

СҚО-да бірден екі көлік жылқылармен соқтығысты, – деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

СҚО-да бірден екі көлік жылқылармен соқтығысты
фото: Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында қаңғыбас мал жол үстінде қауіпті апатты жағдайға себеп болды. Кешкі уақытта Лавровка ауылына бұрылыста бірден екі автокөлік жықылармен соқтығысты. Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның 32 жастағы тұрғынының басқаруындағы Lada Vesta және 56 жастағы қостанайлық жүргізіп келе жатқан Fiat Ducato автокөліктері бір-біріне қарсы бағытта келе жатқан. Жергілікті маңыздағы Антоновка — Горное жолының 8-ші шақырымында олардың алдынан кенеттен жылқылар шыға келген.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Жүргізушілер автокөліктердің соқтығысып қалуын болдырмады. Көліктерге механикалық зақым келген, ал жылқылар шапқан күйі тоқтамай ашық далаға бет алды. – Учаскелік полиция инспекторларымен Ақмола облысының бақташысы анықталды. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек онымен профилактикалық сипатта әңгіме жүргізілді. 11 айда ауданда малдың қаңғып жүргені үшін 481 адам жауапкершілік арқалады.

Естеріңізге сала кетейін, қаңғыбас үй жануарлары мал ұрыларын қызықтырып қана қоймай, салдары ауыр болатын жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін. Еркін жайылымға жол бермеу бойынша жұмыстар ұдайы негізде жүргізіліп тұрады, – дейді Айыртау аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Тұрлыбек Жамалиденов. Жыл басынан облыста еркін жайылымға жол берген 4120 адам жауапкершілікке тартылды.