Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Швецияда жұмыс істегісі келген шымкенттік алаяққа тап болды

Шымкент қаласының тұрғыны Швецияда жүк көлігінің жүргізушісі болып орналасу үшін алаяққа 1 млн 842 500 теңге берген.Тәртіп сақшылары 43 жастағы күдіктіні ұстады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Oтырар телеарнасына сілтеме жасап. 

Швецияда жұмыс істегісі келген шымкенттік алаяққа тап болды
фото: Otyrar.kz

Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, танысы оған Швецияда жүк көлігінің жүргізушісі болып орналастыруға уәде беріп, одан 1842500 теңге алған. Арада біраз уақыт өткенімен "жұмыс табушы" уәдесінде тұрмаған әрі ақшаны қайтармаған көрінеді.

Аталған жайт ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық дерегі) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. 43 жастағы ер адамның бұрын алаяқтық жасағаны үшін істі болғаны белгілі болды. Бүгінгі таңда ол қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.