Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Конкурс болмайды": Шымкент әкімі әуежай дауына нүкте қойды

БАҚ-та бұрын хабарланғандай, SCAT компаниясы тендерді заңсыз деп тану керек деген талаппен сотқа жүгінген. 

"Конкурс болмайды": Шымкент әкімі әуежай дауына нүкте қойды
Фото: ашық дереккөз

Шымкент басшысы ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте жаңа терминал құрылысы мен ескі терминалды сату аукционына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады paryz.kz.

БАҚ-та бұрын хабарланғандай, SCAT компаниясы тендерді заңсыз деп тану керек деген талаппен сотқа жүгінген. 

"Бұл инвестициялық жобаны SCAT компаниясы өзі салады. Конкурс болмайды. Өйткені меншік иесі -  SCAT-тың өзі. Біз жер учаскесі мен инфрақұрылымды ұсындық", - деді әкім Әйтенов.

Еске сала кетсек, осыған дейін Шымкент әуежайы 5,2 млрд теңгеге сатуға шығарылған болатын. Бірақ кейін сатылмайтындығы белгілі болды.