Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Жыл басынан бері дизельдік отын бағасы 36,5%-ға қымбаттаған

Былтырғы жылмен салыстырғанда зергерлік бұйымдар мен сағаттар, тұрмыстық техниканың да бағасы шарықтап кетті.  Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-қазан аралығында Қазақстанда азық-түлік емес тауарлардың бағасы 12,9%-ға өсті, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері дизельдік отын бағасы 36,5%-ға қымбаттаған
Фото: total.kz

Бағаның ең көп өсуі:

- Дизельдік отын (+36,5%);

- Зергерлік бұйымдар мен сағаттар (+28,7%);

- Тұрмыстық техника (+20,7%);

- Мотор майы (+20,4%);

- Жеке тауарлар (+20,0%).

Өңірлер бойынша Астанада азық-түлік емес тауарлар бағасы ең көп өскен (+16,7%).