Үржар ауданында 40 жолаушысы бар автобус Алматы тасжолында тұрып қалды деп хабарлайды Paryz.kz Police.kz-ке сілтеме жасап.
Тарбағатай ауданы Ақжар ауылынан шыққан көлік боран салдарынан тиісті жерге жете алмаған.
"Полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлері жолда қалған барлық жолаушыларды эвакуациялап, жақын маңдағы елді мекенге орналастырды", - делінген хабарламада.